1393

Шерзат Болаттың әкесі ешқашан халықтан ақша жинамағанын айтты

Қаржаубай Нұрымов қазір тіпті ақысыз еңбек демалысында екенін айтты.

Шерзат Болаттың әкесі ешқашан халықтан ақша жинамағанын айтты
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғарда қайтыс болған Шерзат Болаттың отбасының атынан белгісіз біреулер ақша жинаған.

Airan YouTube арнасына берген эксклюзив сұхбатында Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов мұның бәрін алаяқтардың әрекеті деп атап, оған еш қатысы жоқтығын мәлімдеді.

Адамдар арасында біздің ақша жинап жатқанымыз туралы сыбыс тарады. Осы сұрақ бойынша мені қауіпсіздік қызметі шақыртты. Сөйтсек, біреулер менің атымнан шынымен де ақша жинаған екен. Бұған менің еш қатысым жоқ. Бұл туралы түсініктеме де бердім, - деді ол.

Айтуынша, қазір ол ақысыз еңбек демалысында. Дегенмен шағын шаруашылығын қолға алған.

Ақысыз еңбек демалысындамын. Ал дүкен жұмыс істеп тұрған жоқ. Өзіміздің шағын шаруашылығымыз бар. Осыдан бірер күн бұрын ет дүкенін ашып, біртін-біртін жұмысқа кірісіп жатырмыз, - деп қосты Шерзаттың әкесі.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор