Шерзаттың анасы: «Өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын қалаймыз»

Аиса Махамбет Редактор
29.11.2024, 16:09
965
Шерзаттың анасы: «Өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын қалаймыз» бейнежазбадан алынған кадр

«Ана ретінде ұлыма тиіспеңдерші деп өтіндім» дейді анасы…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Болаттың ата-анасы оқиғаға қатысты шындықты Airan басылымына берген сұхбаттарында айтып берді. Марқұмның анасы ұлын өлтірген түні күдіктілерді тоқтатуға тырысқанын есіне алса, әкесі дүкендегі жанжалдың қалай басталғанын айтып берді.

Өрттен кейін Шерзаттың отбасы үйлеріне қайтпаған. Ал оқиға болған дүкен жабық тұрған көрінеді. Отбасы ешкімнен ақша сұрамағандарын, әлдекімдердің өз аттарынан ақша жинағандарын алға тартты.

"Қазір біз ата-анамызбен тұрып жатырмыз. Әкімдік тарапынан ешқандай көмек болған жоқ. Желіде біздің ақша жинап жатқанымыз туралы ақпарат тарады. Белгілі болғандай әлдекімдер атымды жамылып көмек сұраған. Менің бұған қатысым жоқ”, – дейді Шерзаттың әкесі.

Шерзаттың әкесі бастапқыда қоқан-лоқы көрсеткендер болғанын айтты.

"Басында қорқытқандар болды. Ол туралы да ашық айтқан едім. Қазір ондай жоқ, тынышталып қалды”, – дейді ол.

Шерзаттың анасы ұлының қандай болғанын айтып берді.

"Шерзатымызды күнде еске аламыз. Оның өлімі бізге ауыр тиді. Ұлым еркін, ержүрек, мейірімді бала еді. Барлығына көмектесуге тырысатын. Ол ақкөңіл еді. Менің сөзімді жерге қалдырмайтын”, – дейді Шерзаттың анасы.

Оқиға болған түні анасы баласын қорғап, оны өлтірмеулерін сұраған.

"Оқиға болған түні әжесі екеуіміз дүкеннің маңына бардық. Олар бізге назар аударған да жоқ. Шабуылдап жатыр екен. Ана ретінде ұлыма тиіспеңдерші деп өтіндім. Менің сөзіме қараған жоқ. Баламды және күйеуімнің бауырын аяусыз соққыға жығып, ұлымды өлтіріп кетті. Көздерінде қатігездік бар еді. Олар әдейі жасады, бәрібір еді. Қазір олардың аналары сол оқиға орнында болғандай айтып жатыр. Балаларының қандай екенін білмей тұра, бізді кінәлап жатыр. Мен кінәлілердің өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын қалаймын”, – дейді Шерзаттың анасы.

Шерзаттың әкесі оқиға түні Дархан есімді жігітті сабырға шақырмақ болғанын айтты.

"Дархан деген жігіт келіп пиво алды. Дархан өзі төбелес бастады. Мен ұлымды сабырға шақырдым. Дарханға да қой деп айттым. Бірақ Дархан таныстарын шақырды. Ұлымның да інімнің де достары көп еді. Бірақ біз төбелесті ушықтырмадық. Ешкімді шақырған жоқпыз. Күдіктілердің ата-аналары бізге жала жауып жатыр. Тіпті ол жігіттердің әке-шешелері келіп көңіл де айтқан жоқ”, – дейді Қаржаубай Нұрымов.

Шерзаттың отбасы іс біткеннен кейін Талғардан көшіп кетуге ниетті. Қазір тергеу аяқталуға жақын дейді адвокаттар.

“Қазір тергеу жүріп жатыр. Менің болжамым бойынша жақын арада тергеу аяқталады. Заң бойынша белгілі бір уақыт аралығы бар. Тергеу қажет жұмыстарды уақытылы жүргізіп жатыр. Екі аптадан кейін іс прокуратураға берілуі керек. Артынша тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысады. Қазір екі психолог балалар мен ата-аналарымен жұмыс істеп жатыр", – дейді адвокат Саида Тәуекелова.

Отбасының адвокаттары бірнеше іс бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты.

"Бастапқыда тергеу 7 күдіктіні анықтаған. Қазір 11 адам “Адам өлтіру” бабы бойынша тергеліп жатыр. Сонымен қатар куәгерлер де бар. Тек “Адам өлтіру” бабы бойынша ғана емес, қылмысты жасыру, қоқан лоқы, өрт бойынша да қылмыстық істер жүргізіліп жатыр”, – дейді адвокат Карина Көшербаева.

«Менің адамым»: Ақбота-Нұрдың құпиясы әшкере болды «Полицейлерге пышақ тақаған жоқ»: Куәгерлер Қаржаубай Нұрымовтың тек әділ шешім сұрағанын айтты Даниал Ахметов кетті, Рыпакова келді Оралдық ана қызын сыныптастары соққыға жыққан соң мүгедек боп қалғанын айтты Субсидия сарсаңы: Шағын шаруашылықтар қолдауды сезініп жүр ме? Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін ерлер алтынға таласады Тұман түсіп, аяз болады: 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды Әлеуметтік желілердегі ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскериқызметшілерінің танымал бейнероликтері Жұлдыз Әбдікәрімованың пәтерін тартып алған компания бастығы ұсталды 11 рет баласы шетінеп кеткен алматылық әйел тұңғышын аман-есен өмірге әкелді Уақыт өткен сайын айыппұлдың түр-түрі шыға бастады «Шетелдік дәрігерлер басқа диагноз қойды»: Баян Мақсатқызы 25 жыл бойы қандай аурумен күресіп жүргенін ашып айтты Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан тағы 2 алтын еншіледі Қазақстанда аутизм және Даун синдромы бар 100-ден астам бала футбол секциясына тегін қатысады Бокстан Азия чемпионаты: Ел қоржынына 3 алтын түсті «Әйнекті сындырды»: Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған жолаушы ұсталды (ВИДЕО) Мен алдандым: «Астана» мен «Челси» кездесуіне 30 мың теңгеге билет алғандар өкініп жатыр «Үйілген қоқыста ұйықтап жүр»: Павлодар облысында 10 жасар қыз маскүнем әжесімен бірге тұрып келген «Өзіне қол жұмсағанына сене алмадым»: Айтбек Амангелді Шерзаттың ағасының өліміне қатысты пікір білдірді