716

Алматыдағы автобус апаты: «5:32» сериалының продюсері қандай жаза алды?

Алматыда адам өліміне әкеп соққан автобус апатына кінәлі «5:32» сериалының продюсері - жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты.

Алматыдағы автобус апаты: «5:32» сериалының продюсері қандай жаза алды?
жеке мұрағатынан

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша 28 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот Анель Сартаеваны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Материал авторы