«Жазбаңды алып таста» деді»: танымал әнші Тұңғышбай Жаманқұловқа қалай қолдау білдіргенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
29.11.2024, 20:10
1064
«Жазбаңды алып таста» деді»: танымал әнші Тұңғышбай Жаманқұловқа қалай қолдау білдіргенін айтты жеке мұрағатынан

Құмар ойынына тәуелді болған әнші өзін Тұңғышбай Жаманқұлов құтқарғанын

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жігіттер квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов Тұңғышбай Жаманқұловтың басына ауыр жағдай түскен кезді еске алып, оған қалай қолдау білдіргенін айтты. Өнер иесі аңыз актерді қолдап шыққаны үшін бірқатар адамнан сөз естігенін жасырмады.

Бағлан Әбдірайымов бұл оқиға туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. Сөзінше, Жаманқұлов туралы жазба жариялаған соң оған біраз адам хабарласып, жазбаны алып тастауын айтқан.

"Тұңғышбай ағамыздың басында қиындық болған кезде шәкірттері, әріптестері, жалпы танымал адамдар ешқандай қолдау білдірген жоқ. Мен үйде жатып, Мұхтар Шахановтың бір өлеңін оқып қалдым. Бір қатарын алып, Instagram-дағы парақшама жүктеп қойдым. Астына "Түйені түгімен жұтып жатқан кісілер бар. Біз үшін хан бейнесінде қалыптасып қалған осындай тұлғаларымыз басына іс түсіп жатқан кезде қолдау бермей жатырмыз" деп жаздым. Қаражат жымқырды ма, жоқ па?! Оған менің қатысым жоқ. Бірақ егер қаржылай қолдау керек болса, осындай тұлғаларымыздың сөзін сөйлеп, ел-жұрт болып жинап берейік деп айттым. Бұл жазбамнан кейін бірнеше қоңыраулар түсті. Бәрі жазбамды өшіріп тастауды ұсынды. Бірақ мен өшірмедім", - деді әнші.

Мәселе шешілген соң Тұңғышбай Жаманқұлов өзіне қолдау білдірген өнердегі інісін бірден үйіне шақырып, алғысын айтқан.

"Тұңғышбай ағамыз ар жақта отырғанда сол жазбамды оқыған екен. Аман-есен шыққаннан кейін мені іздеді. Шәкірттері маған қоңырау шалды.Сол күні үйіне барып, Тұңғышбай ағаның мақтауын естіп қайттым. "Сенің туған анаңнан, тәрбие берген әкеңнен айналайын" деді. Алғысын айтып, кітаптарын сыйлады. Төріне отырғызып, арқамнан қағып ризашылығын білдірген. Кейін мен кино түсіретін кезде ағам еш ойланбастан менің фильміме түсуге рұқсатын берді. Негізі өзі киммерциялық киноларға көп түсе бермейді", - деді Әбдірайымов.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)