«Бауыздап өлтіремін деп қорқытты»: Алматы облысында 13 жыл бойы қорлық көрген келіншек күйеуін жазалауды сұрайды

Аиса Махамбет Редактор
30.11.2024, 16:50
594
«Бауыздап өлтіремін деп қорқытты»: Алматы облысында 13 жыл бойы қорлық көрген келіншек күйеуін жазалауды сұрайды бейнежазбадан алынған кадр

Алматы облысында "13 жыл бойы күйеуімнен қорлық көрдім" деген 34 жастағы Қамар Алпамыс жұбайының заңмен жазалануын талап етеді. Бұл туралы “Информбро” жаңалықтар қызметі жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ер адамның зілдей жұдырығынан жапа шеккен әйел полицияға арыз да жазған.

Алайда, жәбірленушінің айтуынша, құзырлы орган өкілдері 8 айдан бері шарасыз отыр. Тергеушілер түлкі бұлаңға салынып, қозғалған қылмыстық іс орнынан жылжымай қалды дейді. Тақырыпты әріптесім Оразай Нұртайұлы жалғастырсын. 34 жастағы Қамар Алпамыс кейін қорқынышты түсіне айналатын ер адаммен 13 жыл бұрын отау құрып, одан 3 қыз дүниеге әкелген. Айтуынша, күйеуі қол көтеруді неке қиған күннен 3 ай өте салғанда бастап, кейін оны әдет қылған. Қамар сонда да кешіріммен қарап, төзіп келдім дейді.

"Мен сені бауыздап өлтіріп тастаймын деп мойынымды машинаның әйнектеріне қажады. Былай ішімнен ұрып, еңкейгенде бетімнен ұратын. 2023 жылы майда менің ішегім іріндеп кетті. Жарылып кетті. Соның салдарынан мен өмір бойы ана болу бақытынан айырылдым”, – дейді келіншек.

Тұрмыстық зорлықтың құрбаны болған әйел басынан өткен сұмдықты туған-туыстарынан ұзақ уақыт бойы жасырып келген. Осыдан 8 ай бұрынан Қарасай аудандық полиция басқармасына жүгініп, арыз жазған екен. Бірақ құзырлы органнан қолдау болмапты.

"Әділетсіздіктің буынан тұншығамын. 8 ай бойы 4 рет жауап бердім, 4 беттестіруге қатыстым. Ең мықты деген адамдардың өзі маған адвокат болса да, Қарасай аудандық полициясы ешбір қозғалыс жасап отырған жоқ”, – дейді келіншек.

Ал Алматы облыстық полиция департаменті бұл жайтқа қатысты "денсаулыққа қасақана зиян келтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін ғана хабарлады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде заңды шешім қабылдай отырып, мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданатын болады.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

"Құзырлы орган өкілдері қылмыстық іс бойынша күдіктінің бар-жоғын мәлім етпеді. Жәбірленушінің сөзіне сенсек, зорлық көрсеткен азаматты уақытша қамауға алмақ түгілі, шара қолданылмаған. Әділдік іздеген Қамар Алпамыс енді прокуратураға шағым түсірмек”, – дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, осыған дейін Оралда әйел өзінің бұрынғы күйеуін өлтіру үшін 2 миллион теңге беріп адам жалдағанын жазғанбыз.

Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды