127

Ақтөбеде 10 жасар қызды қағып өлтірген жүргізушіге қатысты сот басталды

20 күн комада жатқан баланың өлімі бойынша сот өтіп жатыр.

Ақтөбеде 10 жасар қызды қағып өлтірген жүргізушіге қатысты сот басталды
Информбюро

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде 10 жасар қызды қағып кеткен көлік жүргізушісіне қатысты сот процесі басталды. Бұл туралы 31 арна басылымы жазды.

Қайғылы оқиға 2 тамызда болған. Қыз бала дүкенге бара жатқан жолда таксидің астына түсіп, 20 күн бойы есін жимастан ауруханада көз жұмды.

Марқұмның анасы Светлана Розбахтың айтуынша, қызы үйінің жанындағы дүкенге бара жатқан. Ол жүргізушінің жылдамдығы 40 шақырымнан жоғары болғанына сенімді, өйткені бейнебақылау камерасында соққының қатты болғаны анық естіледі.

Прокурор Айбек Шоқпаровтың мәліметінше, жүргізуші баланы қаққаннан кейін тоқтамай, қоқыс жәшігі мен жол белгісін соғып барып тоқтаған. Зардап шеккен бала жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап отыр. Ол көлік жылдамдығы GPS деректері бойынша 40 шақырым болғанын және жаяу жүргіншінің жолға күтпеген жерден шығып кеткенін алға тартты.

Қазіргі таңда марқұмның отбасы жүргізушінің кешірімін қабылдамай, моральдық шығынды өндіру туралы талап-арыз түсірді. Іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша қаралып жатыр, онда 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Материал авторы