192

Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың жаңа фильмін сынады

Актер туындының оқиға желісі созылып кеткенін айтты.

Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың жаңа фильмін сынады
instagram.com/musaev_darhan

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Продюсер Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайы Дариға Бадықованың “Соңыра” фильмін тамашалап, туындыға қатысты өз пікірін білдірді.

Мұсаев фильмді көруге әлеуметтік желі қолданушыларының пікірлері себеп болғанын айтты. Оның сөзінше, көпшілік оны өз жобаларына емес, дәл осы картинаға баруға шақырған.

Продюсер фильмдегі құтқарушылардың бейнесін жоғары бағалады. Оның пікірінше, туынды өртсөндірушілердің қауіпті қызметі мен жеке өмірін шынайы жеткізе алған, бұл өз кезегінде сала мамандарының мәртебесін көтеруге ықпал етеді.

Дегенмен, Мұсаев фильмнің оқиға желісіне қатысты сын айтты. Ол туындының тым созылып кеткенін және динамиканың жетіспейтінін атап өтті.

Сынға қарамастан, продюсер актерлік құрамның өнеріне жоғары баға берді. Ол көрермендерге фильмді көру немесе көрмеу туралы шешімді өздері қабылдауға кеңес берді. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор