118

Қостанай облысында ер адам жанармай бекетін тонап кетті

Күдікті 342 мың теңгемен қолға түсті.

Қостанай облысында ер адам жанармай бекетін тонап кетті
Қостанай ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысындағы Федоровка ауылында орналасқан жанар-жағармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды. Күдікті кассирге пышаққа ұқсас затпен қорқытып, кассадағы ақшаны алып кеткен.

Оқиға орнындағы бейнебақылау камералары қылмыскердің әрекетін толықтай тіркеп үлгерген. Кассир өз өміріне қауіп төнгендіктен, қарсылық көрсете алмаған. Жалпы сомасы 342 мың теңге қолды болған.

Қылмыскер оқиға орнынан жеңіл көлікпен бой тасалаған. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді.

Қазіргі таңда ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту кезінде ұрланған ақша мен қылмыс құралы болуы мүмкін зат тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Материал авторы