165

«Қазатомпром» басшыларының біріне қатысты тергеу басталды

Қуаныш Омарбеков сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен тексерілуде.

«Қазатомпром» басшыларының біріне қатысты тергеу басталды
kazatomprom.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясының бұрынғы өндіріс жөніндегі бас директоры әрі басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековке қатысты тергеу басталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Қуаныш Омарбеков пен өзге де тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы бар деген күдікке ілінген.

Компания өкілдері құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп, тергеу амалдарына қажетті көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Қазақстан заңнамасына сәйкес, тергеу жүріп жатқан кезеңде компания өзге де егжей-тегжейлі түсініктеме беруге құқылы емес.

Мекеме қазіргі таңда штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. «Қазатомпром» 2026 жылға арналған өндірістік және қаржылық жоспарлардың толық орындалатынын, ал даму стратегиясының өзгеріссіз қалғанын хабарлады.

Материал авторы