116

Роза Әлқожа су жаңа Toyota Land Cruiser 300 көлігін алды

Танымал әнші шетелден оралған бойда су жаңа көлігін тізгіндеді.

Роза Әлқожа су жаңа Toyota Land Cruiser 300 көлігін алды
instagram.com/roza_alqozha

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Роза Әлқожа шетелден оралған бетте су жаңа Toyota Land Cruiser 300 көлігін сатып алды.

Өнер иесі бұған дейін мінген көлігінің жолда бұзылып, көпшіліктің талқысына түскенін еске алды. Көп ұзамай ескі көлігіне сатып алушы табылып, әнші оны сатуға шешім қабылдаған.

Әлеуметтік желідегі парақшасында Роза Әлқожа көлігін сатқан сәтте іштей мұңайғанын жасырмады. Дегенмен, жаңа темір тұлпар алғанына шүкіршілік етіп, қуанышымен бөлісті.

Әнші Toyota Центр Жетысу ұжымына алғысын білдіріп, оқырмандарына жаңа көлігінің жұғысты болуын тіледі. Желі қолданушылары әншінің жаңалығына қуанып, жылы лебіздерін жаудырды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор