Аршалыда мас ер адам өз әйелін қағып өлтірді
Жол апатының салдарынан зардап шеккен әйел алған жарақатынан көз жұмды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысы Аршалы кентінде мас күйінде көлік жүргізген ер адам өз әйелін қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы ҚазТАГ басылымы жазды.
Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ВАЗ-2114 маркалы көлікті тізгіндеп келе жатқан. Тексеріс барысында жүргізушінің мас болғаны анықталды.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші