54

Қытай азаматын ақтөбелік сүйіктісі алдап кеткен

30 миллион теңге мен алтын алған қалыңдыққа қатысты дау өршіді.

Қытай азаматын ақтөбелік сүйіктісі алдап кеткен
NUR ULAŞ / pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбелік әйелге үйленуге уәде беріп, 30 миллион теңгесі мен алтын бұйымдарын берген Қытай азаматы алданып қалғанын айтып дабыл қақты. Шетелдік азамат сүйіктісінің өтірігін тойға аз уақыт қалғанда ғана білген. Бұл туралы Time.kz басылымы жазды.

Ер адамның айтуынша, ол үш жыл бойы қыздың ипотекасын төлеп, оқу ақысын жауып, бауырының емделуіне қаржылай көмектескен. Сонымен қатар, 150 адамға арналған тойға дайындық жүргізіп, қалыңмал ретінде алтын әшекейлер табыстаған.

Алайда той қарсаңында мейрамхананың брондалмағаны және қалыңдықтың анасы қайтыс болды деген ақпаратының жалған екені анықталған. Қыздың анасының тірі екені белгілі болған соң, шетелдік азамат полицияға арызданған.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті аталған іс бойынша тергеу жүргізілгенін хабарлады. Алайда қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылып, бұл шешім қалалық прокуратурамен келісілген.

Құқық қорғау органдары ер адамға ақшасы мен мүлкін қайтару үшін азаматтық сот тәртібімен талап-арыз түсіруге болатынын түсіндірді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор