121

30 мың теңгеге жезөкшелікпен айналысқан ер адам ұсталды

28 жастағы ер адам 30 мың теңгеге келісіп, көрсетілген мекенжайға барған.

30 мың теңгеге жезөкшелікпен айналысқан ер адам ұсталды
upl.uz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ташкенттің Чиланзар ауданында ақылы интимдік қызмет көрсеткен деген 28 жастағы ер адам ұсталды. Ол қызметі үшін 800 мың сум (шамамен 30 мың теңге) алуға келіскен, алайда кездесуге келгенде полицияға тап болған. Бұл туралы UPL басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, оқиға 23 қарашада болған. Ер адамға тапсырыс Telegram желісіндегі Mather атты аккаунттан түскен. Алайда ол клиентпен кездесуге үлгермей, көрсетілген мекенжайға келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан ұсталған.

Ұстау кезінде ер адам қарсылық көрсетіп, полицейлердің талаптарын орындаудан бас тартқан.

Сот шешімімен оған бес тәулікке әкімшілік қамау тағайындалып, 1 миллион 320 мың сум (шамамен 50 мың теңге) айыппұл салынған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор