37

Астанада кіреберісте желім иіскеген ер адам қамауға алынды

Тұрғын үйдің кіреберісіндегі өткір иіске байланысты тұрғындар полицияға шағымданған.

Астанада кіреберісте желім иіскеген ер адам қамауға алынды
Threads/anna___pavlovnaaa

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде желім иіскеген ер адам 10 тәулікке қамауға алынды. Оқиға туралы хабарлама әлеуметтік желілерде тарап, тұрғындардың шағымынан кейін полиция қызметкерлері тексеру жүргізді.

Көпқабатты үйдің тұрғындары кіреберістегі жағымсыз әрі өткір иіске байланысты дабыл қаққан. Олардың сөзінше, иістің күшті болғаны соншалық, үйге кірудің өзі қиынға соққан.

Байқоңыр аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиға орнына келіп, құқық бұзушыны анықтады. Ер адамға қатысты медициналық емес мақсатта есірткі заттарын тұтынғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Астана қалалық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Материал авторы