65

Вайнер Мейіржан Төребаевтың отбасы толықты

Блогер Дана Есеева отбасындағы тосынсый туралы айтты.

Вайнер Мейіржан Төребаевтың отбасы толықты
instagram.com/dana_yesseyeva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал вайнер Мейіржан Төребаев отбасын ескертусіз үйге тағы бір төрт аяқты дос әкеліп, тосынсый жасады. Бұл жайтты оның жұбайы Дана Есеева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Дана Есеева балалық шағындағы қызықты оқиғаны еске алды. Ол кезде кішкентай Дана көшеден үлкен итті ертіп келіп, қарындасымен бірге жуындырмақ болған. Алайда, үйге келген ит әкесіне тап берген соң, оны дереу далаға шығарып тастауға тура келген.

Бүгінде отбасындағы жануарларға деген сүйіспеншілік жалғасын тауып отыр. Мейіржан Төребаев ешкімге ескертпестен үйге тағы бір итті алып келді. Дана Есеева бұл жауапкершіліктің көп ұзамай өз мойнына жүктелетінін сезіп отырғанын жасырмады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор