Роналдуның голы «Аль-Насрға» Чемпиондар лигасында жеңіс әперді
Криштиану Роналду мансабындағы 987-ші голын соқты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубы азиялық Чемпиондар лигасында кезекті жеңісіне қол жеткізіп, табысты сериясын жалғастырды. Эр-Риядта өткен бесінші тур ойынында алаң иелері Катардың «Аль-Садд» командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Кездесудің 13-минутында Криштиану Роналду пенальтиді дәл орындап, есеп ашты. Кейіннен қонақтар сапынан Мохаммед Ваад таразы басын теңестіргенімен, екінші таймның басында Жоау Феликс «Аль-Насрға» жеңіс сыйлаған голды соқты.
Ойынның бірінші таймының соңында «Аль-Садд» ойыншысы Мохаммед Ваад алаңнан қуылды. Нәтижесінде, катарлық клуб он адаммен ойнауға мәжбүр болды.
Бұл жеңістен кейін «Аль-Наср» қатарынан үшінші рет жеңіске жетіп, 9 ұпаймен Батыс конференциясының турнирлік кестесінде бесінші орынға көтерілді. Ал «Аль-Садд» бес ойыннан кейін 2 ұпаймен 14-сатыда қалды.
Аталған матчтағы гол Криштиану Роналдудың кәсіби мансабындағы 987-ші нәтижелі соққысы болды. 41 жастағы португалиялық шабуылшы осы маусымдағы азиялық Чемпиондар лигасында екі мәрте мергендігімен көзге түсті.
Материал авторы