Тоқаев Мәскеуде Путинмен кездеседі
Қазақстан президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ресей астанасына жұмыс сапарымен барады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25–26 қарашада Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барады.
Сапар аясында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, стратегиялық әріптестік пен одақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлады.
Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәліметінше, Тоқаев Мәскеуде өтетін AI Journey 2026 жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға да қатысады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші