«Қылқындырмақ болды»: Астанада лифтте ер адам жасөспірімге шабуыл жасады (видео)

Аиса Махамбет Редактор
30.11.2024, 19:43
593
«Қылқындырмақ болды»: Астанада лифтте ер адам жасөспірімге шабуыл жасады (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Астанадағы тұрғын үй кешенінің бірінде ер адамның лифтте жасөспірімге шабуыл жасаған видеосы тарады. Оқыс жағдай 28 қараша күні Сәтбаев 31 мекен жайындағы үйде сағат 22:10 шамасында болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жасөспірімнің анасы Zhaloby.astana парақшасына жазба жариялады. Оның айтуынша, видеодағы ер адам алкогольдік мас күйде немесе есірткі қолданған болуы мүмкін. 

“Менің 15 жастағы баламды өлтіремін деп қорқытып, оны балағаттаған. Соңында тіпті қылқындырмақ болды. Лифттің есігін жауып шығармай қойған. Күш көрсетіп, қолын қайырып, саусақтарын майыстырған. Адамдар бұл адамның қоғамға қауіп төндіретінін білсе екен деймін”, – деп жазды әйел. 

Оның айтуынша, ер адам полция қызметкерлеріне де қарсылық көрсетіп, күйеуін балағаттаған.

“Мен соңына дейін барамын. Әзірге оны 10 тәулікке қамады”, – дейді жасөспірімнің анасы. 

Stan.kz тілшісі Астана полиция департаментінен болған жағдайға қатысты сұрау салды.

“Аталған факті бойынша құқық бұзушы анықталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес шаралар қолданылады”, – деп мәлімдеді Астана полициясы.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды