980

Абай облысының мұғалімі Nicki Minaj-дың альбомына саунд-продюсер болды

Бұған дейін биология пәні мұғалімі Ерқанат Грэмми иеленген Dua Lipa, Rosalia мен Blackpink секілді өнер иелеріне ән жазған еді.

Абай облысының мұғалімі Nicki Minaj-дың альбомына саунд-продюсер болды
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысының биология пәні мұғалімі шетелдік танымал әнші Ники Минаждың альбомына саунд-продюсер болды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы жазды.

Музыка әлемінде @eraholic лақап атымен танымал Ерқанат Садуханов - Абай облысы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында биология пәнінен сабақ беретін мұғалім. Жас мұғалім өз парақшасында Ники Минаждың «Pink Friday 2» делюкс-альбомына саунд-продюсер болатынын ресми түрде жариялады.

Бұған дейін @eraholic Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты әлемдік жұлдыздармен жұмыс істеген. Енді ол Ники Минаждың тыңдармандарына ерекше жаңалық дайындағанын жеткізді, - делінген мәліметте.

Туынды 2024 жылғы 13 желтоқсан шығады деп жоспарланған. Альбомның кеңейтілген нұсқасы 2023 жылғы түпнұсқаның бір жылдық мерейтойына арналып отыр және тыңдармандарға жаңа әндер ұсынылған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор