Түркиялық 69 жастағы студент қазақ тілін үйрену үшін Қазақстанға келді

01.12.2024, 12:49
623
Түркиялық 69 жастағы студент қазақ тілін үйрену үшін Қазақстанға келді Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

69 жастағы білімгер шекара асып, қазақ тілін үйреніп, мәдениетімен танысу үшін Түркістанға оқуға келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Кадрие Ышыклы – Түркия азаматы, Стамбул қаласының тұрғыны, үш баланың анасы. Қазір Ахмет Ясауи университетінің Дайындық орталығының тыңдаушысы. Ол – университет тарихындағы ең жасы үлкен студент атанып, жастарға үлгі көрсетіп жүр.

Түркиялық студент Түркістанға келіп білім алуына түркі елдерінің тілі және мәдениеті, салт-дәстүрімен танысуға деген қызығушылығы себеп болғанын айтады. Кадрие ханымның Қазақстанға келгеніне бір жарым ай болса да, қазақ тілін жеткілікті деңгейде түсінетін хәлге жеткен.

"Қазір қазақ тілін үйреніп жүрмін. Маған түркі елдерінің мәдениетімен танысқан ұнайды. Осында қазақ тілін үйреніп, мәдениетімен жақсы танысып, содан кейін өзге де бауырлас елдерге барғым келеді", - дейді ол.

Кадрие Ышыклы бұған дейін Түркияда "Туризм" мамандығы бойынша жоғары оқу орынын тәмамдап, әлемнің 20-ға жуық еліне саяхаттаған. Ендігі мақсаты – Орта Азия елдерімен танысу. Сондықтан Ахмет Ясауи университетінде де "Туризм" мамандығы бойынша білімін жалғастырмақ.

Кадрие Ышыклы білім алып жүрген Дайындық орталығында университеттің ішкі грантына (квота) ие болған түркі әлемінен келген білім алушылар оқиды. Олар 2 семестр бойы қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерін үйренеді. Биылғы оқу жылында орталық ұстаздары 200-ден астам тыңдаушыға сабақ беріп жүр. Дайындық орталығын сәтті аяқтаған білімгерлер әрі қарай өзі таңдаған мамандығы бойынша университетте білімін жалғастырады.

“Дайындық орталығының ұжымы жасы үлкен студент келетінін алғаш естіген кезде таңырқап, абдырап қалғандарын жасырмайды. Алайда, Кадрие Ышыклы Қазақстанға келген бойда барлығымен оңай тіл табысып, ортаға тез қалыптасқан. Орталық оқытушылары оның білімге ашық, қазақ тіліне қызығушылығы жоғары  екенін атап өтті.

Кадрие Ышыклы өзінің батыл шешімі арқылы жастарды ынталандырып, білім алуға ешқашан кеш емес екеніне көрсете алды. Бірге оқитын студенттермен жақын араласып, оларды өз баласындай көріп, қамқорлық танытып жүр. Оның өмірге көзқарасы және білімге деген ерекше ынтасы – жастарға өнеге”, – делінген Ғылым және жоғары білім министрілігінің хабарламасында. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды