Қазақ әндері Instagram-нан неге жоғалып кеткенін Қазақстан авторлық қоғамы түсіндірді

01.12.2024, 15:55
5407
Қазақ әндері Instagram-нан неге жоғалып кеткенін Қазақстан авторлық қоғамы түсіндірді postium.ru

Ұлттық мәдениетімізге жасалған қастық деп қабылдадық дейді бірлестік.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан авторлық қоғамы жұмадағы брифингте қазақстандық орындаушылардың әндері Meta платформаларынан, соның ішінде Instagram-нан не себепті жоғалып кеткенін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. 

"Қазақстан авторлық қоғамы" республикалық бірлестігі Meta-ның 2024 жылғы 27 қарашадан бастап өз сервистерінде қазақстандық музыка контентін жауып тастағанына қатты қынжылады. Осындай қадамды біз Қазақстан ұлттық мәдениетіне жасалған қастық деп қабылдадық. Қазақстандық контенттік жабылуы Meta-ның өз сервистерінде түрлі мәдениеттерді қолдауға шамасы жетпегенін көрсетеді.

Кейінгі бірнеше айда ҚазАҚ Meta-мен келіссөз жүргізіп келді. Осының алдында келісім болған, өтемақы көлемі өте төмен болған. Оны жариялауға құқымыз жоқ. Келіссөз жүргізудегі мақсат – қазақстандық өнерпаздардың еңбегі әділ бағаланғанын қамтамасыз ету. Өкінішке қарай, ҚазАҚ ұсынысын Meta қабылдамады. Келіссөздердегі басты қайшылық – сыйақы көлемінің әділетті бағалануы", - деп мәлімдеді бірлестіктің бас директоры Айнұр Есендікова. 

Оның айтуынша, Meta еуропалық және америкалық орындаушыларға әлдеқайда көп ақша төлейді.

"Әділетсіздік. Meta өзінің сервистерінде қазақстандық музыканың коммерциялық құнын әділ көрсететін ұсынысқа келуі керек. ҚазАҚ Қазақстанға үшінші сорттағы нарық ретінде қарап отырғанына қатты қынжылады. Неге біз азғандай төлемге қанағат тұтуымыз керек?" - дейді ол. 

Директордың айтуынша, қазір төмен ақыға келіссе, Қазақстан жағы енді оны көтеруді талап ете алмай қалады. Мәліметтерге қарағанда, Meta мен келіссөздер жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Instagram әлеуметтік желісінде қазақстандық орындаушылардың музыкалары жоғала бастады. Блогерлер мен журналистер оның себебін анықтауға тырысты. 

Қазақстан авторлық қоғамы 1997 жылы республикалық қоғамдық бірлестік ретінде құрылған. 1999 жылғы желтоқсанда бірлестік халықаралық деңгейде танылған. 2005 жылы ҚазАҚ республикалық бірлестігі CISAC авторлар мен сазгерлер қоғамдарының халықаралық конфедерациясына мүше болып қабылданған.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)