Volkswagen компаниясы өз жұмысын тоқтата ма?
Германияның IG Metall кәсіподақ ұйымы Volkswagen автоконцернінің қызметкерлерін бүгін барлық VW зауыттарында басталатын жалпыұлттық ескерту ереуіліне шақырды. Бұл туралы кеше Төменгі Саксония федералды штатындағы IG Metall аймақтық кеңсесінің басшысы Торстен Грёгер (Thorsten Gröger) мәлімдеді.
Жексенбіге, 1 желтоқсанға қараған түні Volkswagen (VW) автоконцернінің жұмысшылары мен басшылығы арасындағы еңбек дауларын бейбіт жолмен шешуге міндеттейтін келісімнің мерзімі аяқталды.
«Біз келіссөздер үстелінде ымыраға келуге дайын екенімізді көрсеттік, бірақ біздің ұсынысымыз қабылданбады. Енді компания назардан тыс қалдыра алмайтын ереуілдерболады. Жақын арада барлық зауыттарда өндіріс уақытша тоқтатылады», – деді кәсіподақ өкілі.
Жалақы бойынша келіссөздер 9 желтоқсанда жалғасады деп жоспарланған.
Айта кетейік, Volkswagen Германияда 10 зауытты басқарады, оның алтауы Төменгі Саксонияда, үшеуі Саксонияда және біреуі Гессенде. Германиядағы концерн зауыттарындашамамен 120 мың адам жұмыс істейді, олардың жартысына жуығы Вольфсбургте.
Материал авторы