898

Омбудсмен 12 жасқа толмаған балаларды үйде жалғыз қалдырмау туралы заңды талап етіп, дабыл қақты

Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева парақшасында жазды.

Омбудсмен 12 жасқа толмаған балаларды үйде жалғыз қалдырмау туралы заңды талап етіп, дабыл қақты
ddvip.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ақмоладағы өрттен қайтыс болған балалардың өлімін еске сала отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз жалғыз қалдыруға заңды түрде тыйым салу туралы бастама көтерді.

Айта кетейік, Ақмола облысында өрт салдарынан екі бала қаза тапқан еді. Уәкілдің айтуынша, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда балалардың өлімімен 15 өрт оқиғасы тіркелді. Олардың көпшілігінде балалар үйде жалғыз болған.

- Осы фактілерді талдай отырып, мен 12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға тыйым салатын заңнамалық шараларды әзірлеу қажет деп санаймын, Әрине, бұл ретте қолдауды қажет ететін отбасыларға мемлекет тарапынан көмек көрсету бағдарламалары қажет», - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Материал авторы