Нұрғисаның алтын қорға енген шығармалары шырқалды

02.12.2024, 13:47
637
Нұрғисаның алтын қорға енген шығармалары шырқалды Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының баспасөз қызметі

Нұрғиса десе, қазақ күй өнерінің алтын кезеңі ойға оралатыны рас.

Қазақстанның, Кеңес Одағының Халық әртісі, Халық Қаһарманы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, әйгілі композитор, дирижер, күйші Нұрғиса Тілендиев 100 жылдығына орай Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының үлкен залында «Отырар сазы шақырады!» концерті өтті.

Сахна төрінде Алматы қаласынан «Отырар сазы» Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі және Астана қаласынан Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі өнер көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары екі оркестрдің және Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хорының орындауында Нұрғиса Тілендиевтің қазақ музыкасының алтын қорына енген шығармаларын тыңдады. Сондай-ақ, көрермендерге ерекше шығармашылық эксперимент ұсынылды: көне қазақ халық аспаптарының үнімен қатар, «Vivo per lei», «The Prayer», «Melodramma», «Remember», «She» және «Шиндлер тізімі» фильмінен композициялар орындалды.

Бұдан бөлек, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Светлана Айтбаева мен Азамат Жылтыркөзов, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Нұрғалым Аманбай, Фархат Кубиев, Толғанай Пазылақын, Ербол Тәжібаев, сонымен қатар, дәстүрлі ән өнер иесі Өзгеріс Шерікбай, халықаралық байқаулардың лауреаты Фируза Рахметова көрермендерге өз өнерін паш етті.

Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды