«Көзге шөп салған сәттері бар»: Сейфуллин Жолбарыстың бұрынғы әйелі Екатерина сырын жайып салды

Аиса Махамбет Редактор
02.12.2024, 14:27
1619
«Көзге шөп салған сәттері бар»: Сейфуллин Жолбарыстың бұрынғы әйелі Екатерина сырын жайып салды жеке мұрағатынан

Белгілі әнші Сейфуллин Жолбарыстың бұрынғы әйелі Екатерина Вайт жеке өмірінен сыр шертіп, отбасындағы құпияны жайып салды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесінің жұбайы журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, ажырасу себебін баяндап берді. 

“Бір сұхбатымызда өмірімізде көзге шөп салу эпизодтары бар деген едім. Сол кезде Сейфуллин қақалып қалған. “Не айтып қояды екен” деп қатты мазасызданып отырды. Менің мінезім өте ашық. Тік сөйлеймін. Ойымдағыны айта саламын. Сол үшін өмірде көп таяқ жеймін. Бірақ отбасымды сақтау үшін көп дүниеге көз жұма қарауға тура келді. Мақсатым отбасымды сақтау болды. Екіншіден, ол кісіге ренжу мүмкін емес. Кішкентай бала сияқты. Ойына келгенін істей салады. Артынша өзі соған жауапты екенін сезінбейді. "Болып қалды солай, қайтемін енді" дейді. Ол нәрсені бетіне басқан емеспін. Мен барып олардың үстінен түскен жоқпын ғой. Ол менің әшейін күдіктерім болды. Кешірсем де, ұмыта алмаушы едім. Тіпті ажырасып кетіп бара жатқанда да “Енді маған үйлену керек” деді. Ал менің ойым қыздарымды қалай жеткіземін, олар өтпелі кезеңде жүр” деген ой болды” – деді Екатерина. 

Оның сөзінше жолдасымен ажырасуға екі қызының сөзі себеп болған көрінеді. 

“16 жылдан бері бірге тұрып, ажырасып кету оңай емес. Бәрін іште жинай берген де дұрыс емес. Бір күні ауру болып қалуың мүмкін. Бөлек шығуыма қыздарым түрткі болды. Олар менің қандай күйзелісте екенімді көрді. Көз жасымды, бүкіл ауыртпашылықты ең бірінші сол қыздарым көрді. Олар "анашым, кетейікші" деп айта бастағаннан кейін мен ойлана бастадым. Бұл – қыздарыма да ауыр тиіп жатыр деген сөз. Қыздарым ондайды көрмеуі керек. Қыздарым әкесімен кездесіп тұрады, – дейді әншінің экс-әйелі.

Қыз алып қашу дұрыс па, бұрыс па? Жарнама ілемін деп жан тапсырды Газет оқисыз ба: Басылымдарды жеткізуге бас қатырып отыр «Жатқан жерің жайлы болсын»: Данияр Елеусінов WBC чемпионына сес көрсетті Футболға ақша бөліп керек пе: Орта жолда жымқырылған қаражат Қайтарылған заңсыз активтердің пайдасын студенттер де көретін болды ҚР ІІМ Ұлттық ұланына Росгвардия делегациясы келді Танымал актриса тойының алдында суға батып, қайтыс болды Аяз ата «кейпіндегі» Дүниежүзілік банк: Қазақстаннан ештеңе аямайды «Ән падишасы үйімізге келді»: Роза Рымбаева Роза Әлқожаның жиенінің тұсауын кесті (ВИДЕО) 10 млн керек пе: Шалғай ауылға дәрігер болып бар «Сырт адам қыз ұзатпайды»: Тамара Асар әншілердің қыз ұзатуына байланысты ойын айтты Қорық басшысы пара алуға қорықпаған Мерекелер келе жатыр: Мектепте ақша жинау бастала ма? Аягөзде сарбаз ант қабылдау кезінде есінен танып қалған (ВИДЕО) Дәулет Тұрлыхановтың ұлының тағдыры не болды? Доллардың көтерілуі тұрғын үйдің бағасын да аспандатпақ Елімізде апатты мектептер аз емес, жағдай мәз емес Ауылға мектеп салынады, оқушы да табылады «Басқа қызға үйленіп тынды»: Айнұр Тұрсынбаева махаббат туралы хикаяны жұртқа баяндап берді