Бидай мол, ал субсидия көлемі ше?

02.12.2024, 14:49
674
Бидай мол, ал субсидия көлемі ше? depositphotos.com

Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Азық-түлік астығын тасымалдауға байланысты шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары» қаулысының жобасын әзірледі. Құжат ашық нормативтік-құқықтық актілерпорталында жарияланды.

Қағидаға сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі бюджеттік субсидиялар төлеуді жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі саналады. Ал оператор - ұлттық теміржол компаниясы айқындаған астық тасымалдауды ұйымдастыру бойыншажеткізушілерге көліктік-экспедиторлық тасымалдау қызметтерін көрсететін заңды тұлға. Өнім беруші - астықты Қазақстан Республикасының аумағынан өткізуді жүзеге асыратынжеке немесе заңды тұлға.

Бюджеттік субсидиялар бірыңғай операторға азық-түлік астығын тасымалдауға байланысты нақты көрсетілген қызметтер үшін төленеді. Бюджеттік субсидияларды төлеуді бидайды тасымалдау кезінде жеткізушілердің шығындарды жүзеге асырғанын растайтын құжаттар негізінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады:

- Ресей Федерациясының аумағы арқылы қара және Балтық теңіздерінің Ресей порттарының бағытына бір тонна үшін 20 000 теңге мөлшерінде транзитпен;

- Ресей Федерациясының, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Эстония Республикасының аумағы арқылы Балтық теңізі порттарының бағытына бір тонна үшін 20 000 теңге мөлшерінде транзитпен;

- Қытай Халық Республикасы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бағытына бір тонна үшін 20 000 теңге мөлшерінде транзитпен;

- Түрікменстан арқылы Ауғанстан Ислам Әмірлігінің бағытына бір тонна үшін 20000 теңге мөлшерінде транзитпен;

- Әзірбайжан Республикасының, Грузияның, Армения Республикасының бағытына бір тонна үшін 20 000 теңге мөлшерінде;

Иран Ислам Республикасының бағытына бір тонна үшін 20 000 теңге мөлшерінде бекітіледі.

Қаулы жобасы 7 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады және 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі. Сонымен қатар 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданыста болады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды