642

Анасын өлтірген опасызға үкім шықты

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туған анасын ұрып өлтірген 59 жастағы ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Анасын өлтірген опасызға үкім шықты
Getty Images/iStockphoto

СҚО сотының мәліметінше, оқиға биыл 9 тамызда Тайынша қаласында болған. Б. есімді ер адам өз үйінде анасын өлтірді. 

Б.-ның кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының нәтижелерімен және істің басқа материалдарымен дәлелденген.

Прокурор мен жәбірленуші Б.-ны кінәлі деп тануды және 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады.

Жасалған қылмыстың мән-жайын және оның ауырлығын ескере отырып, сот Б.-ны ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сотталушы сондай-ақ жазасын өтеу орнында маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Материал авторы