«Ол кісі еңкілдеп жылағанда, жалғыздығын сездім»: Тамара Асар Назарбаевпен кездескенде неге жылағанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
02.12.2024, 15:43
1183
«Ол кісі еңкілдеп жылағанда, жалғыздығын сездім»: Тамара Асар Назарбаевпен кездескенде неге жылағанын айтты жеке мұрағатынан

Назарбаев көзінің жасы тоқтамай аққанда біз де жылап қалдық дейді Тамара Асар.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2018 жылы Тамара Асар бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевпен жолыққанда не себепті жылағанын айтты.

Өнер иесі бұрынғы президенттің әйелдер қауымы өкілдерімен өткізген "Көктем шуағы" атты кездесуінде неге жылап қалғанын журналист Дина Төлепбергенге түсіндірді.

“Нұрсұлтан Әбішұлы ана туралы өлең оқыды. Бәріміздің ойымызға анамыз келді. Анамды қатты жақсы көремін. Анаммен сырлас адаммын. Маған тұжырымдап сөз айтып, тоқтататын – анам. Әкем қатты еркелетсе, шешем тоқтатады. 2018 жылы жылағанымның себебін айтайын. Мен ол кісінің жалғыздығын сездім. Бірінші біз емес, ол кісі еңкілдеп жылады. Оның жылағанын қиып тастайды да, бізді шығарады. Ол кісі ана туралы айтып отырғанда көзінің жасы тоқтамай аққанда біз де жылап қалдық. Ана туралы аңызға егіліп жыламайсың ғой. Ол кісінің жалғыздығы көрініп тұрды", – деді Тамара Асар.

Сондай-ақ ер адамдардың болмысын да талқылап, ер адам табиғатынан алыстағанда жалғызсырайтынын айтты.

"Әйел болу дегеніміз – процессте жүру. Бала туады, түрлі жұмыстарды істейді. Балаларына алаңдайды. Ер адам болу іш пыстырады. Себебі ол тамақ пісірмейді, себебі пісіретіндер бар. Ер адам не істеу керек? Ер адам ақша табуы керек. Ер адам жауға шабуы керек. Жауды қайдан табасың, бейбіт күнде? Кіммен барып соғысасың? Өзінің табиғатында қан көру керек. Ол қазір басқа формаға айналып бара жатыр. Себебі өзінің табиғатынан алыстап кетті. Ал алыстаған кезде ол жалғызсырайды, ол жылағыш болады. Ол бала кейпіне түсіп кетеді. Ер адам еркіндікпен әйелінің қасында болуы керек. Жауға жаппаған ер адамды әйелі артығырақ сүюі керек. Сонда ол ер адамның табиғатынан алыстамайды. Сүю керекпін, сүйемін де", — деді ол. 

Еске салайық, Тамара Асар алғаш рет жолдасының дәнекерлеуші екенін айтқан болатын. 

 

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды