1518

2025 жылы қанша азамат әскерге шақырылады?

Келесі жылы мерзімді әскери міндетті өтеу жасындағы 41 706 Қазақстан азаматы отан алдындағы борышын өтеуге шақырылады.

2025 жылы қанша азамат әскерге шақырылады?
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және ҚР азаматтарын 2025 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскерге шақыру туралы Президент Жарлығын іске асыру барысында Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. 

- Облыстармен қатар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен әскерге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, оның ішінде 2025 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға жатпайтын 18-27 жас аралығындағы 41 706 ер азаматты әскерге шақыру, әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз ету тапсырылды, - делінген құжатта.

Сонымен қатар әскерге шақыру маусымына бірнеше құзырлы мемлекеттік органдар қатысады. Атап айтқанда Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және жеткізуде полиция қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін жүзеге асырады.

Материал авторы