Жоба бар, жол жоқ: Бюджет қаржысы желге ұшты ма?

03.12.2024, 12:20
691
Жоба бар, жол жоқ: Бюджет қаржысы желге ұшты ма? SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Соңғы уақытта елімізде жол сапасына қатысты шағымдар көп.

Бұл ретте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және оның аумақтық департаменттері жемқорлық тәуекелдерін жою және автожол саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

Мәселен, Ақтөбе облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу мониторингі барысында жол жобаларын жоспарлау кезінде елеулі кемшіліктер анықталды. Мысалы, биыл бюджеттен шамамен 600 млн теңге бөлінген «Мәртөк – Дмитриевка – Байторысай – Полтавка» жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Бұл ретте құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғанға дейін 4 шақырым жол жарамсыз болып қалды. Жобада айналма жол қарастырылмағаны анықталды. Нәтижесінде мердігер инертті материалды жаңа жол жамылғысы арқылы тасымалдаған.

Сонымен қатар, келісімшарт жасасу кезінде мердігер үшін 2 жылдық кепілдік міндеттемелердің орнына бір жыл ғана белгіленген.

Талдау қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әкімдігі орташа жөндеудің кепілдік мерзімін қайта қарады, жол жабынын қалпына келтіру мәселесі бойынша мердігерге қатысты талап арыз берілді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды