Ауылға мектеп салынады, оқушы да табылады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде 2027 жылға дейін 180-ге жуық мектеп салу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қоса алғанда, ауылдарда 42 мектеп пайдалануға берілді.
«Соңғы үш жылда ауылдарда 2,5 мыңға жуық мектеп жаңғыртылды. Оқыту жағдайларын жақсарту және жайлы орта құру мақсатында 800-ден астам мектепті қайта жаңарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ауыл мектептері үшін 4 мыңнан астампәндік кабинет сатып алынды. Оқу-ағарту министрлігі жыл соңына дейін өңірлерге мектептерді қайта жаңартудың бірыңғай талаптарын ұсынуы керек. Онда білім ошақтарын күрделі жөндеу ғана емес, пәндік сыныптармен жабдықтау мәселесі де қаралуға тиіс», - деді О.Бектенов Үкімет отырысында.
Ауылға білікті педагогтерді тарту мақсатында лауазымдық жалақыға 25% мөлшерінде қосымша ақы көзделген. Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде педагогтерге көтерме жәрдемақы төленеді, сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға немесе салуға тиімді несиелер беріледі.
Материал авторы