«Басқа қызға үйленіп тынды»: Айнұр Тұрсынбаева махаббат туралы хикаяны жұртқа баяндап берді

Аиса Махамбет Редактор
03.12.2024, 12:55
2413
«Басқа қызға үйленіп тынды»: Айнұр Тұрсынбаева махаббат туралы хикаяны жұртқа баяндап берді жеке мұрағатынан

Баяғыда мені алмай кеткен жігіт күйеуімнің досы ішкілікке салынып, наркодиспансерде жатыр деп баяндады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева студент кезіндегі көрші қыздың оқиғасын айтып берді.

Айтыс саласының өкілі баянсыз махаббат хикаясын оқырмандарына баяндады.

“Осыдан 20 жыл уақыт бұрын бір қызбен сыйласып жүрдім. Оның туған сіңлісі Алматыда оқитын. Бір күні сол сіңлісі бізге жатақxанаға қонаққа келді. Өте сұлу қыз болатын. Сол кездің өзінде 5 уақыт намаз оқып жүрді. Бізге келген кезде жігітімен ренжісіп қиналып жүр екен. Сонымен не керек жатақxанадағы "данышпан қыздар" күнде отырып алып, ана қызға ақыл айтамыз.

"Ренжітетін жігітті қой, сұлусың, жігіт табылады" деп миын ашытамыз. Бір күні қызымыз еңіреп жылады. "Мен оны сүйемін, онсыз өмір сүргім келмейді, өмір бойы сүйетін боламын, басқа ешкім керек жоқ!" деп бір-ақ кесті. 10-15 күннің ішінде ап-арық болып, жүдеп кетті. Сөйтіп жүргенде ол албасты жігіті басқа қызға үйленіп тынды. Депрессияның көкесі енді басталды! Сіңлісімен бірге әпкесі де, мамасы да қосылып жылайтын болды”, – деп бастады әңгімесін айтыскер ақын.

Оның сөзінше, сол кезде жүрегі қатты ауырып, қызға ақыл бере алмағанына қатты өкінген.

"Әлеуметтік желі пайда болғанда сол қызды кездестіріп қалдым. "Мәссаған, сұлу қыз, бұрынғыдан да сұлу боп кетіпсің, 2 балаң бар екен ғой, уақыт деген қандай ә" деп бірден дайректке xат жаздым. Сосын Алматыда кездесіп шай іштік. Күйеуі заң саласында бастық, ұлы, қызы бар екен. Баяғы еңіреген қыз есейген, ақыл тоқтатқан.

"Айнұр әпке, баяғы мені алмай кеткен жігітті көрдім. Күйеуімнің досы ішкілікке салынып, наркодиспансерде жатқан. Сол жердің ауласында отыр, наркоман екен. Сондай білімді жігіт сондай xәлге түседі деп кім ойлаған?!” – деп сырын ақтарды. Міне, қиындық пен әр сынақтың артында қуаныш бар дегеніміз осы емес пе?! Біздің бір жаман жеріміз асығамыз. Кез келген қиындық бітпейтіндей, өмір бойы жылап өтетіндей түңіліп кетеміз. Алланың өз есебі бар!”, – деп жазды коуч-психолог. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды