643

Дәулет Тұрлыхановтың ұлының тағдыры не болды?

Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың өтінішін қанағаттандырмады.

Дәулет Тұрлыхановтың ұлының тағдыры не болды?
Tengrinews.kz

Сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының Болат Нұрасыл Дәулетұлына қатысты қаулысы өзгеріссіз қалдырылды. Сотталушы мен оның адвокаттарының жеке шағымы қанағаттандырылмады. Апелляциялық қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді және кассациялық бақылауға жатпайды, – деп хабарлады судья Нұржан Қарабаев.

Еске салсақ, бұған дейін Жоғарғы Сот НұрасылБолатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 1-тармақшасы бойынша) 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын. Соған қарамастан, Болат пробациялық бақылаудың 3 рет заң бұзушылықтарына  жол берген-ді.

Материал авторы