899

«Ән падишасы үйімізге келді»: Роза Рымбаева Роза Әлқожаның жиенінің тұсауын кесті (ВИДЕО)

Қос Розаның табысқан сәті көпшілікті таңғалдырды.

«Ән падишасы үйімізге келді»: Роза Рымбаева Роза Әлқожаның жиенінің тұсауын кесті (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

танымал әнші Роза Әлқожа жиенінің тұсауын өзімен аттас өнердегі әпкесі Роза Рымбаеваға кестірді. Эстрада жұлдызы оның өтінішін жерге қалдырмай, арнайы үйіне барған. 

Роза Әлқожа Instagram-дағы парақшасында сіңлісінің отбасындағы қуанышты сәттен видео жариялап, елді тәнті етті. Өнер иесі бұл күні тұсау кесу мәртебесін әйгілі Роза Рымбаеваға сеніп тапсырғанын айтты.

Әнші өнердегі әпкесіне уақыт тауып, қуанышына ортақтасқаны үшін алғысын айтты. 

"Бүгін қазақ сахнасының ән падишасы Роза Қуанышқызы үйімізге келіп, Раузамыздың тұсауын кесіп берді. Әжесі Роза, нағашы апасы Роза, Раузаға Розалардың бағын берсін дедік! Уақыт тауып келгеніңізге рахмет", - деп жазды Роза Әлқожа.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор