577

10 млн керек пе: Шалғай ауылға дәрігер болып бар

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде өңірдегі денсаулық саласына қатысты мәселелерді атап өтті. Бастысы – кадр тапшылығын жою.

10 млн керек пе: Шалғай ауылға дәрігер болып бар
Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Белгілі болғандай, ауылға барып жұмыс істеуге келіскен дәрігерге 10 млн теңге, аудан орталығында қызмет етуге ниеттенгендерге 8,5 млн теңге, ал облыс орталығында еңбек еткісі келгендерге 5 млн теңге көмек көрсетіліпті. Нәтижесінде биыл 140 дәрігер жұмысқа қабылданған.

Инфрақұрылым мәселесіне келсек, биыл Атырауда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 4 медициналық ғимарат ашылған. Жыл соңына қарай 12 нысанның, келер жылы екі ғимараттың құрылысы аяқталмақ.

Материал авторы