790

Аяз ата «кейпіндегі» Дүниежүзілік банк: Қазақстаннан ештеңе аямайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммиті аясында Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті.

Аяз ата «кейпіндегі» Дүниежүзілік банк: Қазақстаннан ештеңе аямайды
The World Bank

Тоқаев еліміздің Дүниежүзілік банкпен стратегиялық серіктестігінің мәнін ерекше атап өтті. Президенттің айтуынша, бүгінде қаржы институтымен бірлесе су ресурстары, көлік және білім беру салаларында жалпы құны 3,5 миллиард доллар болатын бес ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің Көлік жолдарының орнықтылығы мен байланысын жетілдіру бағдарламасы (TRACE) шеңберінде атқарылатын қазақстандық жобаға 650 миллион доллар көлемінде қаржы бөлу туралы шешімін құптады.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Орта дәлізді дамытуға, атап айтқанда, Жезқазған-Қарағанды автомагистралінің құрылысына салынатын инвестицияның стратегиялық маңызына назар аударды.

Материал авторы