ҚР ІІМ Ұлттық ұланына Росгвардия делегациясы келді

04.12.2024, 09:22
382
ҚР ІІМ Ұлттық ұланына Росгвардия делегациясы келді ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ресей Федерациясы Ұлттық гвардиясының Федералдық қызметі арасында бұрын жасалған келісімдер аясында ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов Ресей Федерациясының Росгвардиясымен кездесті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, делегацияны Росгвардияның Білім және ғылым басқармасының бастығы генерал-майор Александр Медведев бастап келген.

Кездесу барысында Ресей федерациясында Қазақстан Ұлттық ұланына қажетті кадрлар даярлау мәселелері талқыланды. Делегация құрамында РФ Ұлттық гвардиясының Пермь әскери институтының бастығы полковник Филипп Сиволапов пен басқа да офицерлер болды.

– Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Ресей Федерациясы Ұлттық гвардиясының Федералдық қызметімен қарым-қатынас орнатуға үлкен мән береді. Өйткені бұл біздің екіжақты әскери ынтымақтастықтағы маңызды серіктесіміз. Екі ел арасындағы достық және сенімді қарым-қатынастар ең алдымен екі елдің басшыларының арқасында қалыптасқан. 2023 жылы қол қойылған біздің ведомстволар арасындағы ынтымақтастық туралы келісім екіжақты қатынастарға жаңа серпін берді және барлық бағыттарды белсенді етуге мүмкіндік берді. Росгвардия – біз тығыз байланыс орнатып, өзара тиімді тәжірибе алмасуды жоспарлаған негізгі серіктестердің бірі, – деді кездесудің ашылуында генерал-майор Бауыржан Әбжанов.

Өз сөзінде Росгвардия делегациясының басшысы генерал-майор Александр Медведев Росгвардияның басшысы — армия генералы Виктор Золотовтың құттықтау сөздерін жеткізіп, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың терең тарихи тамырлары бар екенін және қазіргі уақытта олар өте динамикалық түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

Росгвардия делегациясының жетекшісі, генерал-майор Александр Медведев өз сөзінде Росгвардия әскерлерінің бас қолбасшысы – Росгвардияның директоры, армия генералы Виктор Золотовтың құттықтау сөздерін және жылы тілектерін жеткізді.

 – Біздің қатынастарымыздың тамыры тереңде, олар ғасырлардан бері жалғасып келеді. Бүгінде олар өте динамикалық түрде дамып келеді. Жақында Қазақстан делегациясы Пермь әскери институтын аралап келсе, қазір біз қонақжай Қазақстан жерінде отырмыз. Бұл әскери оқу орнында кинологтар дайындау жүргізіледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық үланы үшін де мамандар даярланады. Қазіргі уақытта бізде төрт әскери оқу орны бар, ал қазан айында Санкт-Петербургтегі Жоғары саяси училищеде академия ашылды. Онда әскери-саяси және командалық-артиллериялық факультеттер ашылған, – деді генерал-майор Александр Медведев.

27 қарашада Астанада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин жұмыс сапарымен болды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы саммитіне қатысты.

– Қазақстан тарапынан айтылған барлық ұсыныстарды біз жұмыс істеп, әрі қарай дамытуды жоспарлап отырмыз. Бұл адъюнктурада оқыту, диссертация қорғау, сондай-ақ барлық біздің оқу орындарымызбен келісімдер жасау, – деді делегация басшысы қорытынды сөздерінің бірінде.

Одан кейін қонақтар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметімен, жауынгерлік міндеттерімен танысты. Бұл жайында ҚР Ұлттық ұланының Даму және ақпараттық-талдамалық жұмыстар басқармасының бастығы полковник Алем Тасмағамбетов баяндады.

Дәл осы күні Росгвардия делегациясы Қазақстан Республикасының Қорғаныс университетінің Ұлттық гвардия факультетіне барып, оның қызметімен танысты. Бұл факультет әскери мамандарды бес мамандық бойынша даярлайды. Ресей әскери қызметшілері сондай-ақ елордадағы Ішкі істер министрлігінің авиациялық базасының объектілерін аралады. Атап айтқанда, 3656 әскери бөлімінің  штаб, клуб, спортзал және кітапханасын көрді. Олар әскери бөлімнің тарихы мен жауынгерлік даңқ мұражайымен танысып, инженерлік-техникалық және ұшу құрамының тамақтануы мен қамтамасыз ету ұйымдастыру шарттарын, сондай-ақ авиациялық базаның құрылу тарихы мен қызметі туралы бейнероликті тамашалады.

Сонымен қатар, делегацияның Петропавл қаласында орналасқан Ұлттық ұлан академиясын аралауы жоспарланған. Айта кетейік, 1997 жылдан бері Қазақстан Ұлттық ұланының шамамен 500 әскери қызметшісі Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орындарында білім алған, оның ішінде Росгвардия оқу орындарында 47 әскери қызметші оқыды. Жүйелі түрде ғылыми салада халықаралық іс-шаралар өткізіліп, ведомстволық оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамдары конференциялар мен семинарларға белсенді қатысады, сондай-ақ екі ведомство ғалымдарының ғылыми еңбектері екі елдің мерзімді баспасөздерінде жарияланады.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді