«Ұрпақтары мені қарғап, көргісі келмеді»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінің ескерткішіне неге бармағанын айтты

04.12.2024, 15:15
1164
«Ұрпақтары мені қарғап, көргісі келмеді»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінің ескерткішіне неге бармағанын айтты жеке мұрағатынан

Кейін Мерей тағзым жасайды деді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіштің ашылуына не себепті бармағанын айтты. 

Айта кетейік, Алматы облысына қарасты Кеген ауылында орналасқан балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі беріліп, ескерткіш қойылған болатын. Іс-шараға саясаткердің балалары Құралай мен Қайрат Нұрқаділовтер қатысты.

Бірақ Мақпал Жүнісова мен қызы Мерей төбе көрсетпеді. Әншінің оқырмандары не себепті қатыспағанын сұрады. 

«Мені қарғап, көргісі келмеген Зәкеңнің ұрпақтары болсын деп шештім. Кейін Мерей екеуміз барып, тағзым жасаймыз. Зәкеңнің рухына тегін концертті бағыштаймын деп отырмын», – деп жазды халық әртісі. 

Еске салайық, бұған дейін 14 қаңтарда Алматы облысында саясаткер Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнатылатынын жаздық. Оның құрметіне көше атауы беріліп, жетістіктері мен еңбегі еске алынды. Жиынға саясаткерлер, қайраткерлер және әртүрлі саланың өкілдері қатысып, оның Қазақстан мен Алматының дамуына қосқан үлесін атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен сенат басшысы Мәулен Әшімбаевтың хаттары оқылды.

Бұған дейін, Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Мақпал Жүнісова тұратын үйді  «қораға» теңегенін жазған едік. 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)