«Психбольницадағы» зорлық: Қыз түсік жасатуға мәжбүр болған

04.12.2024, 17:26
711
«Психбольницадағы» зорлық: Қыз түсік жасатуға мәжбүр болған көрнекі фотосурет / Stock Photo

Шымкент қаласындағы психикалық денсаулық орталығының екі қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер кәмелетке толмаған науқас пен 21 жастағы қызды зорлады деп айыпталып отыр.

Психикалық дертке шалдыққандарға арналған медициналық мекемедегі атышулы істі тергеу барысында жаңа деректер белгілі болды.

Полицияға алдымен шизофрениямен ауыратын 17 жастағы қыздың анасыхабарласқан. Ол қызының облыстық психикалық денсаулық орталығында емделіпжатқанда сондағы қызметкерлерден зорлық-зомбылық көргенін айтқан.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, аурухананың екі қызметкері қыздың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, төсекке байлап тастаған. Күшті дәрілер салғандықтан, қарсылық таныту мүмкін болмаған. Содан қыз жүкті болып, жасанды түсік жасатуға мәжбүр болған.

Дәл осындай жағдайды сол мекемеде емделген 21 жастағы науқас қызда бастан өткерген. Ол да санитар қызметкерлдердің зорлық-зомбылығына ұшыраған.

Шымкент қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Бағлан Исатаева тергеудің жалғасып жатқандығын мәлімдеді.

«Бұрын хабарланғандай, полиция психиатриялық ауруханада зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Екі күдікті сот санкциясымен қамауға алынды», - деді Бағлан Исатаева.

Бұл ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасы көпшілікті алдын ала қорытынды жасауға асықпауға, тергеудің аяқталуын күтуге шақырды.

«Расталмаған ақпаратты таратудан бас тартып, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Бұл жалған ақпараттың алдын алады және тергеудің объективтілігінқамтамасыз етеді. Қазіргі таңда Шымкент қаласы Әл-Фараби АПБ жүргізіп жатқан тергеуамалдары әлі аяқталған жоқ. Сондықтан алдын ала тағылған айыптар негізсіз, - делінгенТүркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының ресми хабарламасында.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды