1473

«Позорды» шығармай барыңдар!»: Баян Мақсатқызы халыққа үндеу жасады

Қоянбаевпен бәсекелесіп отырған Баян Мақсатқызы актриса Бадықованың сөздеріне пародия жасады.

«Позорды» шығармай барыңдар!»: Баян Мақсатқызы халыққа үндеу жасады
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер Баян Мақсатқызы жақсы жаңалығын бөлісіп, халыққа ой тастады.

Кинопродюсер 19 желтоқсан күні жаңа туындысы жарыққа шығатынын хабарлады. 

“Қазақтар! “Арыстан патша” деген голливудтық мультфильм шығайын деп жатыр. “Позор” шығармай барыңыз! Бөтенге ақша шығарыңыз! Менің кином да осы күні шығады. Нұрлан Қоянбаев та сол күні кино шығарады. Бірақ өздеріңіз білесіздер!”, – деп жазды продюсер. 

Айта кетейік, актриса Дариға Бадықова “Моана 2” туындысына барған халықты сынаған еді. 

“Моанаға” барып, позор болып отырмайық! Ашығын айтамын. 27 қарашада мультфильмге барған қазақтар болды. Бірақ оларды сөкпеймін. Тек қандай қазақ екенін түсінбеймін. Сондықтан байыса қазақ байысын. Ештеңе жоқ”, – деген еді актриса. 

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор