598

Жар-жар: Беташар ЮНЕСКО тізіміне енді

Парагвай астанасында «Беташар» салты ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді.

Жар-жар: Беташар ЮНЕСКО тізіміне енді
stan.kz

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жазды.

«Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді», - деп жазды Қарин.

Бұған дейін ЮНЕСКО Бас конференциясы 42-ші сессиясының төрағасы Симона Мирела Микулеску көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгенін айтқан болатын.

Материал авторы