593

Алматыда ұрлық жасаған күдікті айдауыл көлігімен қашып кетті

Полиция 28 жастағы күдіктінің аты-жөні мен суретін жариялады.

Алматыда ұрлық жасаған күдікті айдауыл көлігімен қашып кетті
Polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған адам айдауыл қызметінің көлігінен қашып кеткен. Полиция 28 жастағы күдіктінің аты-жөні мен суретін жариялады.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Осыған жол берген кінәлі тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылады, - деп мәлім етті Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция департаменті қала тұрғындарына үндеу жасады.

Күдікті – 1996 жылы туған Аубакир К.Е. Бойы 165-170 см, дене бітімі арық, шашы қара, көзі қоңыр. Ерекше белгісі – мұрны қисайған.
Аубакридің қайда екенін білетіндерден төмендегі телефондар арқылы хабарласуды сұраймыз: 8 (701) 758 67 60; 8 (778) 158 54 44; 254 40 42 немесе 102, – деп үндеу жасады полиция.

Материал авторы