Балаларға берілетін Ұлттық қордағы қаржының есебі қандай?
Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында жинақталатын қаражатқа түсінік берді.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұртөре Жүсіп биыл жыл басында Қазақстан азаматы саналатын балаларға Ұлттық қордан алғашқы қаражат жинақ қорына келіп түскенін, бұл бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 6 млн 919 мың баланы құрағанын еске салды.
- Ұлттық қордан мақсатты трансферттер тарту қордың активтеріне және «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыруға қалай әсер етеді? Біз келешек ұрпақтың несібесіне қол салып, қол салғанда - мол салып отырған жоқпыз ба? 2024 жылдың соңына дейін және келер жылдары әр балаға қандай сома аударылады? - деп сұрады сенатор.
Өз кезегінде Қаржы министрі Мәди Такиев биыл «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 1 ақпанда 7 млн-ға жуық балаға 100 доллар 52 центтен аударылғанын айтты.
- Қазір (қордағы қаржы) доллармен есептеледі және осы сома қосымша инвестицияланады. Сондықтан жинақ өсіп жатыр. Инвестициялық кіріске тоқталсақ, биылбіз 2,6 пайызбен санадық. Келесі жылы 3% инвестициялық өсім болады деп болжам жасапотырмыз. Сондықтан біз 1 қаңтардағы санды ескеріп, балаларға 118-120 доллар болатыншығар деп отырмыз. Бірақ оны 1 ақпанға дейін тағы бір нақты есептеу керек, - деді Қаржы министрі.
Материал авторы