Елдос Сметов жеңіске жетуіне тек ата-анасының дұғасы көмектескенін айтты

05.12.2024, 13:38
428
Елдос Сметов жеңіске жетуіне тек ата-анасының дұғасы көмектескенін айтты olympic.kz

Елдос Сметов жас дзюдошыларға ақылын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Олимпиада чемпионы Астанада Kodokan Spirit дзюдо орталығының тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.

Елдос Сметов Астананың дарынды жас дзюдошыларға спортта сәттілік тілеп, өз қолтаңбасы бар мерейтойлық кимоноларды сыйға тартты.

«Олимпиададағы ең қиын белдесуім 2023 жылғы әлем чемпионы Франсиско Гарригосқа қарсы өтті. Жеңіске жету жолымда ол бір ғана мүмкіндік берді. Нәтижесінде өз сәтімді тиімді пайдаланып кеттім. Жалпы қай жерде болмасын, түсінген адам жетістікке тек отбасының қолдауы арқасында жете алады. Ата-ананың дұғасы, разылығы – жеңіске жетудің басты кілті», - деді Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов.

Енді ғана осы спортқа ден қойған жас спортшы Елдостан дзюдода өткерген ең қиын сәтін сұрады.

«Өзбекстандағы халықаралық жарыста 40 келіде күресуім қажет еді. Бірақ салмағым 44 келіні құрады. 4 келіні тез арада қуған сәтім әлі күнге дейін есімнен кетпейді», - деп жауап берді ол.

Айта кетейік, ауданы 1 200 шаршы метрді құрайтын жаңа Kodokan Spirit дзюдо орталығында мыңнан астам бала дзюдомен айналысады. Спорт кешені 180 орындық стендпен, олимпиадалық сападағы жапон татамиімен, заманауи желдеткішпен және жарықтандырумен жабдықталған. Негізгі залдан басқа, спорт кешенінде көп функциялы жаттығу залы, топтық сабақтарға арналған екі шағын зал, ата-аналарға арналған ыңғайлы күту алаңы және асханасы бар.

Астана дзюдо федерациясының президенті Ғайса Жұмалиевтің айтуынша, елордада әлемдік аренада ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін көптеген дарынды спортшылар бар. Kodokan Spirit дзюдо орталығында жаттығу жасайтын Астана ересектер құрамасы алғаш рет Қазақстанның 20 өңірінің арасында жалпы командалық есепте үшінші орын алды.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды