Ұлттық ұлан офицерлері Унифайттан әлем чемпионы атанды

05.12.2024, 14:14
442
Ұлттық ұлан офицерлері Унифайттан әлем чемпионы атанды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Биылғы 22 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Түркия елінің Анталия қаласында Унифайттан орта жастағы ұлдар мен қыздар арасында әлем чемпионаты өтті. Жарыста әлемнің 30 мемлекетінен келген 600-ден астам спортшы күш сынасты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі ретінде Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімі жасағының офицері аға лейтенант Азимжон Курбонбоев өнер көрсетті.

Ел үмітін ақтаған ұландық 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.

– Жарыс жоғарғы дәрежеде үйымдастырылған. Қарсыластарым да мықты дайындықпен келген екен. Бірінші жекпе жек кезінде Өзбекстан спортшысын накоутпен жендім. Екінші кездесуде Молдова спортшысын тізе бүктіріп, финалда Украина спортшысынан жалпы есеп бойынша басым түстім. Енді қоян қолтық ұрыс түрінен ҚР чемпионатына дайындаламын. Маған осындай мүмкіндік сыйлағаны үшін Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысына, командирлеріме және бапкерлеріме де айтар алғысым шексіз, – деді аға лейтенант  Азимжон Курбонбоев.

Аталған турнирде Қазақстан Республикасының құрама командасы жалпы есеп бойынша бірінші орынды иеленді. 

Айта кетейік, 27 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Ресей Федерациясының Саратов қаласында Унифайттан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өткізілді. Аталған біріншілікке 32 елден командалар жиналды. Тартысты чемпионатқа қатысқан Ұлттық ұлан құрама командасы жалпы командалық есепте екінші орын алса, жекелей салмақ түрлерінен барлығы 2 алтын, 7 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды. Ресей жерінде өткен біріншілікте 60 келіге дейінгі салмақта классика нұсқасы бойынша бақ сынаған 6697 әскери бөлімі жасағының офицері аға лейтенант Ержан Әбікеев пен 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде лайт нұсқасында өнер көрсеткен Ұлттық ұланның спорт командасын даярлау орталығының (6636 әскери бөлімі) аға маманы ефрейтор Азатбек Айбоба әлем чемпионы атанды. 

– Унифайт – өте ерекше спорт түрі. Жекпе-жек алдында спортшылар кедергілерден өтуі керек. Мен үшін бұл жарыс өте сәтті өтті. Қажырлы еңбегімнің арқасында мен бүгін Әлем чемпионы атағына ие болдым. Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековке және Бас қолбасшылыққа алға жылжуыма және жаңа биіктерге қол жеткізуіме қолдау білдіргені үшін алғыс айтамын, – деді аға лейтенант Ержан Әбікеев.

Осылайша ұландық спортшылар өздерінің мықтылығын халықаралық дәрежеде кезекті рет дәлелдеді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды