«Қазақтарға осы жарай береді»: актер Бақыт Тушаев Үржар әуежайының жағдайын көрсетті

05.12.2024, 16:01
681
«Қазақтарға осы жарай береді»: актер Бақыт Тушаев Үржар әуежайының жағдайын көрсетті бейнежазбадан алынған кадр

«Қайтарда ұшаққа отыруға жүрегім шыдамай, таксимен қайттым» дейді актер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Белгілі актер, шоумен Бақыт Тушаев Үржар ауданындағы әуежайдың жағдайын көрсетіп, жұртты шошытты.

Өнер иесі Алматыдан Үржарға ұшақпен барған. 

“Үржарға тойға барып келдім. Тоғыз жолдың торабы Үржардың өзі Алакөлмен жалғасып туризмге сұранып тұр. Шағын болса да әуежайын дұрыстап туристер үшін сервисті жандандырып қоюға болады. Алакөлге алыс-жақын шетелден халық ағылып келер еді. Ішкі рейстерге деген қарым-қатынасын көріп отырсыздар. “Қазақтарға осы да жарай береді” дегендей. 1 сағат ұшып, 10 жылға қартайып кеттім. Қайтарда ұшаққа отыруға жүрегім шыдамады. Такси жалдап қайттым. Бірақ жолы керемет тақтайдай төселген. Алакөлді брендке айналдырамыз десек, Үржарға көңіл бөлейік. Үржар – туризм қақпасы”, – деп жазды актер. 

Еске салайық, Қазақстанның көлік министрлігі төрт жаңа әуежай салу мен үш әуежайды жөндеу мәселесін талқылап жатыр. 

Көлік министрлігінің басшысы Үржар, Үшарал, Зайсан, Қатонқарағай, Қарқаралы, Ұлытау және Арқалық қалаларында әуежай салу және жаңғырту мәселелерін қарауды, сондай-ақ шағын авиацияны дамыту жұмысын жалғастыруды тапсырған болатын. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды