853

«Көгерген көзді көруден шаршадық»: «Келінжан 3» фильмінің үзіндісі елді шулатты

Гүлнұр Мамасарипованың туындысы тағы да дау астында қалды.

«Көгерген көзді көруден шаршадық»: «Келінжан 3» фильмінің үзіндісі елді шулатты
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова «Келінжан 3» фильмінің жарыққа шығатынын хабарлады.

Фильмнің продюсері киноның анонсын жеке парақшасында жариялады. 

«Мәдөш пен Бақонайдың фанаттары қайдасыздар? Коммент пен лүпілді аямаңыздар! Бір-бірлеріңізге жіберіп отырыңыздар! Премьераға дейін сіздердің қолдауларыңыз маңызды. Маркетингтің пачақ-пачағын шығарып жіберіңіздерші», – деп жазды продюсер. 

Алайда желі қолданушылары көзі көгерген актрисаның қызу талқылап жатыр. Продюсерді тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан романтика жасады деп кінәлады. 

«Көгерген көзді көруден шаршадық. Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа күліп отыру қалыпқа айналды», «Ешқандай да күлкілі емес», «Бәріміз бір үйдің Айсарасы болып отырмыз», «Мәдөш Балқияға қол көтеріп, сонысына кешірім сұрап тұрған эпизод шығар», – деп жазды көпшілік. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор