Ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштер қандай?

06.12.2024, 12:10
401
Ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштер қандай? SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Астанада «Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі» тақырыбында өтіп жатқан парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров саладағы көрсеткіштерді жіпке тізді.

- «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңға сәйкес, халықтың жылдық қажеттілігінің 80 пайызы отандық өндіру есебінен қамтамасыз етілген кезде, елдің азық-түлік тәуелсіздігіне қол жеткізілді деп айтуға болады. Бұл ретте, ішкі нарықтың негізгі тауарлармен қамтамасыз етілу деңгейі – қажеттіліктен бірнеше есе көп. Мысалы, ұн бойынша қажеттілік 2,4 есе жоғары (тұтыну 1,4 млн тонна, өндіріс – 3,3 млн тонна), күріш жармасы бойынша – 1,7 есе (қажеттілік 117 мың тонна, өндіріс – 205 мың тонна), күнбағыс майы – 1,7 есе (қажеттілік 394 мың тонна, өндіріс-672 мың тонна) жоғары, қой еті бойынша қамтамасыз ету – 106%, сондай-аұ сиыреті бойынша 101% қамтамасыз етілген, - деді А.Сапаров.

Оның айтуынша, қойылған міндеттерге сәйкес, биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша сала оң серпін алған. Мәселен, ауыл шаруашылығы нақты көлемінің индексі былтырмен салыстырғанда 12,7%-ға өсіп, 7,1 трлн теңгені құрады. Өсімдік шаруашылығында өсім - 18,8% (4 424,9 млрд теңге), мал шаруашылығында - 3,3% (2 578,4 млрд теңге).

- Биыл астық өнімділігі бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді, яғни 26,7 млн тонна астық бастырылды, бұл 2023 жылғы деңгейден бір жарым есе көп.Ішкі қажеттілік 7,5 млн тонна көлемінде болғанда, жыл сайын орта есеппен кемінде 18 млн тонна астық өндіріледі. Күріш, қарақұмық, майлы дақылдар, картоп сияқты басқа да негізгі дақылдар бойынша да өсім байқалды. Күріш 2023 жылмен салыстырғанда 16%-ға (2023 жылы – 485,2 мың тонна, 2024 жылы – 563,1 мың тонна), қарақұмық – 42%-ға (2023 жылы – 83,5 мың тонна, 2024 жылы - 118,1 мың тонна) көп жиналды. Майлы дақылдар өнімі 3,2 млнтоннаны құрады, бұл өткен жылдан 46%-ға көп (2023 жылы - 2,2 млн тонна). Күнбағыс тұқымы бойынша өсім 35%-ды құрады (2023 жылы 1,2 млн тонна күнбағыс тұқымы бастырылды). 2,9 млн. тонна картоп жиналды, былтырғы деңгейінен 40%-ға артық, - деді министр.

Биыл 10 айда ет өндірудің көлемі 4,4%-ға (889 мың тонна), оның ішінде сиыр еті – 6,2%-ға (313,8 мың тонна), құс еті 10,3%-ға (296,7 мың тонна) өсті. Бұдан бөлек, жыл басынан бері 3,1 млн тонна сүт өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,2%-ға көп және тауық жұмыртқасы бойынша өсім 0,9%-ды (3 734,5 млн) құраған.

Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО) 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Пися» деп жазып қойған»: танымал блогер Дарикорнның жарнамасының кесірінен бала мазаққа ұшыраған Танымал актриса Гүлмира Жакилина қызын өзге ұлтқа ұзатқанын ашып айтты «Тамағымды ішкен сайын рақмет айтпайды»: Жазира Байырбекова жұбайымен арасы туралы айтты «Зәкең бай болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не себепті 20 жас үлкен адамға күйеуге шыққанын айтты «1,5 млн талап етіп жатыр»: Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді Танымал футболшы 11-қабаттан құлап қайтыс болды «Миы шайқалып, жамбасына пышақ сұққан»: Нұрқанат Ғайыпбаевтың қанды оқиға күні қандай жарақаттар алғаны белгілі болды «Шаншу-кесуге арналған зат»: Сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі белгілі болды Кетчуп пен нан деп мазаққа қалған Димаш Құдайберген жерлестерінің «орынсыз» әзіліне жауап берді Жаңаөзендік келіншек ұлына нашар тәрбие бергені үшін сот алдында жауап берді