Бір атым насыбай бар ма: Сатушылар жазаланды

06.12.2024, 16:20
697
Бір атым насыбай бар ма: Сатушылар жазаланды mugalzhar.kz

Нұра ауданының әкімдігі қалалық полиция департаментімен бірлесіп, насыбай мен снюстерді заңсыз сату жағдайларын анықтау бойынша кезекті рейд өткізді.

Рейд барысында мониторингтік топ Нұра ауданының ірі тұрғын үй кешендерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарын тексерген. Нәтижесінде насыбай мен снюс үш дүкеннен табылған.

Полиция қызметкерлері жалпы сомасы 25 мың теңгеге шамамен 40 қорап насыбай мен 20 қорап снюс тәркіледі. Дүкен иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес 92 300 теңге (25 АЕК) айыппұл салынды.

«Біз жаман әдеттердің алдын алу қағидаттарын ұстана отырып, жастардың осы өнімге қолжетімділігін шектеуге тырысамыз. Бұзушылықтар үшін қатаң жауапкершілікшаралары, соның ішінде ірі айыппұлдар қарастырылған. Кәсіпкерлердің есіне салғым келеді: вейп, насвай және снюс сатуға тыйым салуды сақтау – бұл заңның талабы ғана емес, сонымен қатар қоғам алдындағы моральдық жауапкершілік. Нұра ауданында мұндай мониторингтік іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері 230-ға жуық дүкен тексерілді, біз бұл жұмысты жалғастырамыз», - деді Нұра ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Батырхан Жанпейісов.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді