709

Күнтізбе жаңа кәсіби мерекелермен толығады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін бұйрығының жобасын әзірледі. Құжат 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Күнтізбе жаңа кәсіби мерекелермен толығады
freepik.com

«Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасындағы кәсіби мерекелер тізбесін келесідей атаулы күндермен толықтыруды көздейді: 

– 28 қаңтар – қаржылық мониторингі органдарының күні;

– шілденің бірінші жексенбісі – теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні;

– тамыздың бірінші жексенбісі – теміржол көлігі қызметкерлерінің күні;

– қыркүйектің екінші жексенбісі – бақылау өлшеу аспаптары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні;

– 2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні;

– қазанның соңғы жексенбісі – автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні;

– 10 қараша – бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлерінің күні;

– 13 желтоқсан – қылмыстық-атқару жүйесі күні.

Материал авторы